Өскемендегі зауыттағы жарылыс: ТЖМ зардап шеккендер туралы алғашқы мәліметті жариялады

Qaz365.kz редакциясы

Олар ауруханаға жеткізілді

видеодан кадр

Өскемен қаласындағы «Қазмырыш» ЖШС аумағында орын алған өрт оқшауланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, құтқарушылар қазіргі уақытта конструкцияларды бөлшектеп, өрт толық сөнгенше су шашу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан 4 адам зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді. Құтқарушылар зауыт ішінде өзге де зардап шеккендердің бар-жоғын анықтау үшін іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Төтенше жағдайды жоюға ТЖМ-нің 40 маманы мен 10 бірлік техникасы жұмылдырылған. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың шарпыған нақты аумағы анықталып жатыр.

Министрлік жанынан мемлекеттік органдар мен өзара әрекеттесуші қызмет өкілдерінен құралған жедел штаб жұмысына кірісті. Мамандар жарылыс пен өрттің шығу себептерін зерттеуде.