3 мамыр күні Астана қаласындағы Иманов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында көлік жүргізушісі кішкентай баланы қағып кетті. Алған жарақаттары салдарынан 1 жас 8 айлық бала оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Полиция мәліметінше, «Kia Seltos» автокөлігінің жүргізушісі аула ішінде қозғалып бара жатып, жолға атып шыққан жас баланы байқамай қалған. Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен ата-аналарға ерекше ескерту жасады.
«Полиция жүргізушілерге аула ішінде және іргелес аумақтарда қозғалу кезінде барынша мұқият болуды, балалардың жолға шығып кетуі мүмкін екенін ескеруді сұрайды. Ал ата-аналар қайғылы жағдайдың алдын алу үшін кішкентай балаларды жол маңында және аулаларда қараусыз қалдырмауы тиіс», – деп мәлімдеді ұұзырлы орган өкілдері.