Ақмола облысында жолда қалған 28 шетелдік жылыту орнына жеткізілді

Qaz365.kz редакциясы

Төтенше жағдайға тап болған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет

Ашық дереккөздерден

Ақмола облысында жолда қалған 28 шетелдік эвакуацияланды, оның екеуі бала, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, эвакуацияланған шетелдіктер Көкшетау қаласының жылыту орнына жеткізілген. 

«Бүгін сағат 01:00-де ТЖД күштері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері «Астана – Петропавл» тас жолынан Тәжікстан Республикасының 26 азаматы және Өзбекстан Республикасының 2 азаматын эвакуациялады, оның ішінде екеуі бала», – деді ведомстводан.

Осы ретте, ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына төтенше жағдайға тап болған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.