Бейнежазба желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді
Теміртаудағы «Айгөлек» балабақшасында кішкентай қызды бетінен ұрған тәрбиеші полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Полицияның мәліметінше, 36 жастағы тәрбиеші мен баланың анасы құқық қорғау органдарына шақырылған.
Тараптар полицияға келгенімен, баланың анасы арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан, құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Бұл факті бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау, қатыгездікпен қараумен ұштасқан әрекет бойынша қылмыстық іс тіркелді», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға балабақшадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Еске сала кетсек, Qaz365.kz редакциясы ауыл мәртебесін ала алмаған саяжайларда тұрып жатқан тұрғындардың мәселесі жайлы жазған еді. Атауы бар, тіршілігі бар, бірақ әкімшілік тұрғыда толық танылмаған мекендегі балалар автобустармен алыстағы мектептерге барып жүр. Әкімдіктің жауабы мен жағдай жайлы толығырақ материалымыздан оқыңыз.