Қостанайда полиция көлігі жол апатына ұшырады

Qaz365.kz редакциясы

Жол апатынан 2 адам зардап шекті

Қостанай қаласының орталығында полицияның қызметтік көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қызметтік «Cobalt» автокөлігі қиылыста Kia Sportage көлігімен соқтығысқан. Соққы қатты болғандықтан, көлікке елеулі зақым келген.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарасақ, қызметтік көлікті учаскелік полиция инспекторы басқарған. Ол қызметтік міндетін атқарып жүрген, жедел тапсырмамен қозғалып, арнайы жарық белгілерін қосқан.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Олар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, Алматы тұрғыны қаладағы бір көшеге белгілі қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановтың есімін беру туралы бейресми петиция жариялаған еді.