Алматыда аялдамада ер адам зейнеткер әйелді аяусыз соққыға жықты

Qaz365.kz редакциясы

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: Бейнеден кадр

Алматы қаласының Бостандық ауданында белгісіз ер адам автобус аялдамасында 66 жастағы зейнеткер әйелді соққыға жықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Санаторий көшесінде болған. Жәбірленушінің қызы болған жағдайдың видеосын Threads әлеуметтік желісінде жариялаған. Оның айтуынша, күдікті маңайда адам азайған сәтті күтіп, әйелге арт жағынан жақындаған.

Содан кейін ол зейнеткерді басынан және денесінің жоғарғы бөлігінен жұдырықпен ұрып, аяғымен тепкілеген. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстады.

«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция басқармасы.

Еске сала кетсек, ІІМ Азаттыққа жіберген ресми жауабында 2026 жылы үш айда 14 мыңға жуық ресейлік Қазақстанда тұруға рұқсат алғанын мәлімдеді.