Атырауда жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығы сахналанды

Qaz365.kz редакциясы

Қойылым барысында кітаптың адам өміріндегі орны мен маңызы айшықталды

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атырауда өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларының біріне айналған «Кітап FEST» фестивалі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Фестивальдің көркін балаларға арналған мюзикл мен жергілікті қаламгерлердің шығармашылығына негізделген театрландырылған қойылым қыздыра түсті. 

Оған Әбу Сәрсенбаев, Зейнолла Қабдолов, Ғабдол Сланов, Фариза Оңғарсынова, Жұмекен Нәжімеденов, Хамит Ерғалиев, Нұралы Әжіғалиев, Рахымжан Отарбаев, Аманқос Ершуов, Қажымұқан Елемес сынды белгілі қаламгерлердің шығармашылығы арқау болды.

Қойылым барысында кітаптың адам өміріндегі орны мен маңызы айшықталып, әдеби мұраны қастерлеу, оны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ету идеясы кеңінен көрініс тапты. Театр өнері арқылы әдебиет әсерлі әрі заманауи форматта ұсынылып, жас буынның кітапқа, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.

Қорыта айтқанда, бұл әдеби қойылым өткен мен бүгінді жалғап, рухани мұраны сахна тілімен сөйлеткен, жас ұрпақтың жүрегіне кітаптың құндылығын ұялатқан тағылымды мәдени жобаға айналды.