Шымкентте адвокат 7 жылға сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Адвокат алаяқтық жасап, ірі көлемдегі қаржыны заңсыз иемденбек болғаны үшін сотталды

Коллаж: ЖИ

Шымкент қаласында адвокаттар алқасының мүшесіне қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Арайлым Төрекұлованы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп таныды. Оған аса ірі көлемдегі алаяқтық жасауға оқталу, алаяқтық және пара беруге азғыру фактілері бойынша айып тағылған.

Іс материалдарына сәйкес, оның әрекеттері ірі көлемдегі қаржыны заңсыз иемденуге бағытталған аяқталған және аяқталмаған қылмыстық әрекеттерді, сондай-ақ өзге адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тарту әрекеттерін қамтыған.

Сот үкімімен айыпталушыға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, А. Төрекұлованы 2025 жылдың қазан айында Шымкент қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлері ұстаған болатын. Тергеу барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар анықталған.

Еске сала кетсек, Алматы қаласындағы Пушкин көшесінің бойында орыс ақыны Александр Пушкинге арналған тағы бір мүсін пайда болды. Қоғамда жаңа мүсіннің көркемдік шешімі де талқыланып жатыр. Олар қазақ зиялыларына арналған ірі композициялық ескерткіштердің жоқ екенін алға тартады.