«Полицияға бағынбады» деп айыпталған блогер Руслан Жанпеисовты Шымкент соты ақтады

Qaz365.kz редакциясы

Шымкент қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі соты блогер Руслан Жанпеисовке қатысты істі қарап, оның әрекетінде құқықбұзушылық құрамы жоқ деп танып, ақтау шешімін шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Полицияны әбігерге салып жүрген Руслан Жанпеисов ақталды. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы («Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау») бойынша айып тағылған еді.

«Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сот бүгін Руслан Жанпеисовті құқықбұзушылық құрамы болмағандықтан ақтады», – деп хабарлады КазТАГ тілшісі.

Шымкентте автоблогер Руслан Жанпеисов ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм-арнасында мәлімдеген еді.