Инфляция соңғы айда аздап төмендегенімен, әлі де жоғары деңгейде қалып отыр
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Еске сала кетейік, қазан айында Ұлттық банк бұл мөлшерлемені 16,5 пайыздан 18 пайызға дейін бірден көтерген болатын.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады», – деп жазылған хабарламада.
Базалық мөлшерлеме — бұл Ұлттық банктің елдегі ақша құнын реттеу үшін қолданатын негізгі құралы. Яғни ол несиенің қымбат немесе арзан болуына, жалпы экономикадағы ақша айналымына ықпал етеді. Бағаның өсуіне сыртқы факторлар — әлемдік нарықтағы қымбаттау, Таяу Шығыстағы жағдай, сондай-ақ жанармай мен коммуналдық тарифтердің өсу қаупі әсер етіп отыр.
Еске сала кетсек, кеше Кентау қаласында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан бірқатар тұрғын үйлерді су басты