Бортсерікті ұрған әнші кім
Мас күйінде стюардессаны ұрған қазақстандық әншіге айыппұл салынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«2024 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Нұрымбетов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 АЕК немесе 55 380 теңге әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды», – деді Қайсар Сұлтанбаев.
El.kz жазуынша, әлеуметтік желілерде бортсерікті ұрған әншінің Бауыржан Нұрымбетов екені айтылған. Бауыржан Нұрымбетов «Шіркін life 2» телешоуының жеңімпазы ретінде халыққа танылған. Көптеген ток-шоуларда сарапшы болған.
Еске салайық, FlyArystan әуе компаниясы 18 желтоқсанда ұшақта болған оқиға туралы хабарлады. Ұшақта қазақстандық танымал әнші әрі актер бортсерікке шабуыл жасап, маңдайынан ұрған. Салдарынан қызметкер физикалық және психоэмоционалдық зардап шегіп, рейс 1 сағатқа кешіктірілген. Алайда әуе компания әртістің аты-жөнін жарияламаған.