Талдықорғанда қыз зорлады деп айыпталған экс-полиция бастығы сот залынан ауруханаға жеткізілді

Qaz365.kz редакциясы

Процесс жабық режимде өтіп жатыр

Скриншот / gov.kz

Талдықорған қалалық полициясының экс-бастығы Марат Күштібаев сот залынан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта, дәрігерлер бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды», – делінген Жетісу облыстық сотының хабарламасында.

Айта кетейік, 2024 жылы 28 ақпанда Марат Күштібаевтың зорлау ісі бойынша сот процесі басталған болатын. Процесс жабық режимде өтіп жатыр. Ол тоғыз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.