Ақтөбеліктер Шавкат Рахмоновқа тұлпар мінгізді - видео

Qaz365.kz редакциясы

Аралас жекпе-жек файтері қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін жеткізді

Видеодан кадр

Спортшы Шафкат Рахмонов Ақтөбе қаласында Наурыз мерекесі тойланып жатқан орталық алаңда атқа мінді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.
Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып беретіні туралы жазған болатынбыз.
Ақтөбе өңірінің жұртшылығы Америкада ел абыройын асырған спортшыға айрықша құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен астына ат мінгізді.

Өзіне көрсетілген елдің ықылас-пейіліне риза болған қазақстандық аралас жекпе-жек файтері қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін жеткізді.