Алматыда заңсыз сатылымға шыққан тағы бір тұрғын үй кешені анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Пәтерлерді сату бойынша хабарландырулар жариялап қойған.

Ашық дереккөздерден

Алматы әкімдігі пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тағы бір тұрғын үй кешенін атады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Алматы қалалық құрылыс бақылау басқармасының ақпаратына сәйкес, интернет-ресурстарда «DEMEU Residence» тұрғын үй кешенінде құрылыс салушы Demeu Development пәтерлердің сатылуы бойынша хабарландырулар жарияланған.

«Меншік иесі құрылысқа рұқсат құжаттарын алған жоқ. Сонымен қатар қаланың 192-ші өндірістік кооперативінде орналасқан жер учаскесінің мақсатты бағыты жеке қосалқы шаруашылық жүргізу болып табылады. Учаскеде құрылыс жүргізілмейді. Алайда хабарландыруда тұрғын үй кешенін ағымдағы жылдың IV тоқсанында тапсыру жоспарланғаны көрсетілген», - делінген әкімдік ақпаратында.

Басқарма өкілдері, қала тұрғындарын абай болуға және жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын +7 (727) 229-81-36 нөмірі бойынша салынып жатқан ТК құжаттардың толық пакетін тексеруге шақырады.

Бұған дейін Алматыда екі тұрғын үй кешені заңсыз пәтер сатуға шығарған.