Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандар саны 4-ке жетті

Qaz365.kz редакциясы

11:45-те үйінділердің астынан әйелдің денесі алып шығарылды

t.me/qr_tjm

Жаңаөзенде газ жарылған үйден 11:45-те үйінділердің астынан әйел адамның денесі шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«11:45-те үйінділердің астынан әйелдің денесі алып шығарылды. Осылайша, қазіргі кездегі жағдай бойынша үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесі алып шағарылды. 6 адам ауруханаға жатқызылды», –  делінген хабарламада.

Үйінділерді аршу жұмыстары жалғасуда.