Атырау халқы бір күнде ұйқыдан оянбай қалуы мүмкін – Мәжіліс депутаты

Qaz365.kz редакциясы

Оның сөзінше, 30 жыл ішінде Атырау тек донор аймақ ретінде қаралып, облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбеді.

Фото: egemen.k

Атырау экологиясы апаттық жағдайда болуына байланысты халықтың өмір сүру сапасы жақсартуды қажет етеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. 

Алайда оның айтуынша халықтың жан-айқайын еститін министрлік те, Үкімет те жоқ.

"Жыл сайын өңірде онкологиялық аурулар белең алып, мүмкіндігі шектеулі, туабітті науқас балалар саны артып отыр. Ашынған атыраулықтар бейбіт митингке шығып, облыстағы жер қойнауын пайдаланушылар мен Үкіметке нақты талаптарын қойды. Түптеп келгенде, Атырау халқы таза ауаға зәру. Бүкіл елді мұнайымен асырап, тұтас елдің кем-кетігін жамап отырған Атыраудың халқы бір күнде ұйқыдан оянбай қалуы мүмкін. Сондықтан да, атыраулықтардың экологияға қатысты талаптары орынды, сұраулары заңды", – деді ол ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында. 

Оның сөзінше, 30 жыл ішінде Атырау тек донор аймақ ретінде қаралып, облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбеді. Сондай-ақ,"AMANAT" фракциясының мүшесі Атыраудың экологиясын жақсартуды Үкімет деңгейінде шешу үшін бірқатар ұсыныстарын жолдады.