Көлгінов митингке шыққан киногерлерді қабылдауға уәде етті

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, бұл мәселемен министрлік айналысып жатыр

Коллаж: Qaz365.kz

Вице-премьер Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге киногерлерді қабылдауға уәде етті, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Бұл мәселемен министрлік айналысып жатыр. Егер қажет болса Мәдениет және спорт министрлігі жауап берді», – дейді Алтай Көлгінов.

Ол егер қажет болса өзі де қабылдауға дайын екенін айтып, уәде берді. 

Айта кетейік, бұған дейін мамыр айының басында бір топ танымал киногерлер Ұлттық кинематографияны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталығының (ҰКМҚО) байқауға қатысатын фильмдерді іріктеуден әділетсіз өткізетінін айтып, Алматыда ереуілге шыққан еді. Кейін оларға заңсыз митинг үшін айыппұл салынған.

Сосын Астанаға келіп, Мәдениет және спорт министрлігінің алдына барды. Бірақ министр Асхат Оралов наразы топты әлі қабылдаған жоқ. Ал вице-министр Нұрғиса Дәуешов жаңадан тәуелсіз комиссия құрылатынын әлеуметтік желіге жазған.