Мемлекеттен 1,1 млрд теңге жымқырып, Астанадан құны 150 млн теңгеден асатын бірнеше үй сатып алған

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылары жылу желілері мен электр желілерін жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаменті тергеп жатыр.

“Қала әкімдігінің бақылауындағы қосалқы мердігерлермен және лауазымды тұлғалармен бір топ адамдармен бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 1,1 млрд. теңге сомада бюджет қаражатын ұрлау жолымен қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қылмыс жасады деп күдіктелуде.
Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған.
Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды”, – дейді хабарламада.