Ақмола облысындағы құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Жұмысшы биіктен құлап, қаза тапты

Фото: pixabay

Ақмола облысындағы құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға 18 қараша күні болған.

Полицияға құрылыс алаңында оқыс оқиға туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткен полицейлер Астана қаласының 1966 жылы туған тұрғынының биіктіктен құлап мерт болғанын анықтады.

«Ер адам салынып жатқан учаскеде жұмыс істеп жатқанда, төрт метр биіктіктегі тірек бөлігі опырылып құлаған», – делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.