Ақтауда шенеуніктер 50 млн теңге тұратын станция бірлігін 247 млн теңгеге сатып алмақ болған

Qaz365.kz редакциясы

Олардың бұл әрекетіне антикор шектеу қойды

Ашық дереккөзден

Ақтауда шенеуніктер 50 млн теңге тұратын станция бірлігін 247 млн теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олардың бұл әрекетіне антикор шектеу қойды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, жалпы 2023 жылы жемқорлыққа қарсы волонтерлер 782 млн теңге сомасына бағаны көтеру тәуекелдерін болдырмаған.

«Маңғыстау облысының бюджетіне шамамен 200 млн теңге қайтарылды. Атап айтқанда, осы жылдың қазан айында «Каспий жылу, су арнасы» МКК (Ақтау қ.) 247 млн теңге сомасына «үш тізбекті станцияның» 1 бірлігін сатып алуды жоспарлаған. Бұл ретте жүргізілген талдау нарықтық баға шамамен 50 млн теңгені құрайтынын көрсетті», – делінген хабарламада.

Тиісті жұмыстың нәтижесінде тауардың құны 49 млн теңгеге дейін төмендетілген.