Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Экс-әкім жаңа қызметке жаңа жылдан бастап кіріседі

Фото: minber.kz

Бақытжан Сағынтаев жаңа жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа басшысы болады. Бұл туралы РФ Президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан Президентінің әкімшілігінде істеді, Үкімет төрағасы, Қазақстанның Премьер-министрі болды», – деді Ресей президенті.

Айта кетейік, өткен жылы Сағынтаев Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды.

Шешім ЕАЭО саммитінде қабылданды.