"Әлем аруы" байқауында жүргізушілер Қазақстан мен Қырғызстанды шатастырып алды

Дина Әділ

"Әлем аруы"  ұйымдастырушылары сұлулық байқауының жүргізушілері Қазақстан мен Қырғызстанды шатастырғаннан кейін ресми кешірім сұрады, деп хабарлайды qaz365.kz

Ұйымның Бас директоры бұл қателікті ақтап алуға болмайтынын айтты.

"Өкінішке қарай, шоуда біздің жүргізуші Қырғызстан елінің атын дұрыс айтпады. Біз мұқият болуымыз керек және өз жұмысымызды жақсырақ орындауымыз керек", — делінген ресми бейне хабарламада.

Қырғызстаннан келген қатысушының айтуынша, ол бірнеше рет қазақстандық ретінде таныстырылған. Халықаралық байқауда Қырғызстан елін 18 жастағы Алтынай Ботоярова таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан биылғы жылы бұл конкурсқа қатыспайды. 

Жаңа Орлеанда өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы Америка Құрама Штаттарының өкілі болды.