«9-20-25» ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылатыны белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Жаңа ипотекалық бағдарламаның қашан іске қосылатыны айтылды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «9-20-25» ипотекалық бағдарламасының қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл бағдарлама «Отбасы банк» пен республикалық бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыру арқылы іске қосылатын болады. Бұған дейін Әлихан Смайылов атап өткендей, аталмыш мәселе пысықталды. Бағдарлама белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын болады», – деді Скляр.

Журналистер «Демек, сіз бұл ипотекалық бағдарлама 1 наурызда іске қосылатынын растайсыз ба?» деп қайта сұрады.

Роман Скляр бұл сұраққа «иә» деп қысқа жауап берді.