Ол жер сілкінісі басталғанда үйінде отбасымен бірге болған
Газиентап тұрғыны Жадыра Асанқызы жер сілкінісі қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшсі Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, ол жер сілкінісі басталғанда үйінде отбасымен бірге болған. Олар жалаң аяқ далаға шығып, қауіпсіз жерге жеткен.
"Ұйықтап жатып шошып ояндық. Баланы алып шықтық. Қорқынышты дауыстар естілді. Аяғымызға ештеңе киместен шығып кеттік. Үй өте қатты тербеліп тұрды, үстімізге құлайтын сияқты. Жалаң аяқ жүгіріп, алысқа кеттік. Барлық адам естері шығып, не істерін білмей, туысқандарына хабарласып, түгендеп жатыр. Мен де Қазақстандағы барлық ағайынды хабардар еттім. Қазір осындамыз, жатақхана береді. Үйге бармаймын. Қорқынышты. Ауа райы жаман болып тұр. Ешкім үйіне барғысы келмейді", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмараш провинциясында таңғы сағат 4:17-де 7,7 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын.