Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде орын алған
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 24 минут 12 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды qaz365.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған. «Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.