Тоқаевты Түркия Президенті «Кулие» резиденциясында қарсы алды

Qaz365.kz редакциясы

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған «Кулие» резиденциясында қарсы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.