Мәжіліс төрағалығына Ерлан Қошанов ұсынылды

Qaz365.kz редакциясы

Одан басқа кндидат ұсынылған жоқ

inbusiness.kz

Бүгін жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының төрағалығына Ерлан Қошанов ұсынылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өзі де кезінде төменгі палатаның аз уақыт төрағасы болған Бақтықожа Ізмұхамбетов бұл орынға Ерлан Қошановты ұсынды. 

“Еліміздің мемлекеттік саяси қайраткері Ерлан Қошановты ұсынамын. Ол аймақтық және орталық басқару органдарында абыройлы қызмет атқарды. Мәжілістің бірінші шақырылымында депутат болған. Кейін Қарағанды облысында әкім, Президент әкімшілігінде жетекші, Мәжілістің жетінші шақырылымына төрағалық етті”, - деді Бақтықожа Ізмұхамедов.

Мәжілісінің VIII шақырылымының төрағалығына Ерлан Қошановтан басқа кандидат ұсынылған жоқ.