“Ұйықтатып тастамасын”: Ардақ Назаров журналистердің сауалына мүлдем жауап бермей қойды

Qaz365.kz редакциясы

Мәжіліс ғимаратында журналистерге су жаңа депутаттан сұхбат алу мүмкін болмады

alataunews.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының алғашқы отырысынан кейін бір мандаттық окург бойынша сайланған депутат Ардақ Назаров тілшілердің сауалына бермеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол кеше Мәжілісте “жастарды тәрбиелейміз” деген болатын. Журналистер алдымен осыны сұрады. Назаров үндемей құтылды. Одан кейін өз шаруасымен әріқарай кете берді. “Неге тоқтап жауап бермейсіз?” ,”депутат болуға үйренуіңіз керек қой”, “Енді осылай жұмыс істейсіз бе?” деген сауалдардың бәріне “игнор” жасады.

Видеодан “Байқаңдар, бір ұрып ұйықтатып жүрмесін” деген дауысты естуге болады.

Өйткені, Ардақ Назаров - ережесіз жекпе-жек спортының шебері.

Айта кетейік, кеше тележурналист Самал Қабышеваның Ардақ Назаровты сынағанын жазғанбыз.

Сонымен қатар ол өзімен бір окургтік мандат бойынша сайлауға түскен Рысбек Сәрсенбайға неге жол бермегенін түсіндірген болатын.