×

Ардақ Назаров сайлауда Рысбек Сәрсенбайға неге жол бермегенін айтты

Ардақ Назаров Парламент Мәжілісіне Алматы облысының №11 сайлау учаскесінен түскен болатын

Ардақ Назаров сайлауда Рысбек Сәрсенбайға неге жол бермегенін айтты
Абай.кз

Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты Ардақ Назаров өзімен бір окургтік мандат бойынша сайлауға түскен Рысбек Сәрсенбайға жол беруге қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ардақ Назаров Парламент Мәжілісіне Алматы облысының №11 сайлау учаскесінен түскен болатын. Оның қарсыластарының қатарында белгілі саясаткер, журналист Рысбек Сәрсенбай, әнші Нұрлан Албан және мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов болды.

Бірақ сайлау жақындағанда Қайрат Нұрқаділов Рысбек Сәрсенбайға жол беретінін айтып, Мәжіліс депутаттығынан өз кандидатурасын алып тастады. Осыдан кейін Ардақ Назаров пен Нұрлан Албан да солай істесе дегендер болған. Бірақ сайлау қорытындысы бойынша Ардақ Назаров жеңіске жетті.

Ол бүгін тілшілерге берген жауабында бұдан бейхабар екенін айтты.

Бұдан бейхабармын, - деп қысқа қайырлы ол.

Ал учаскелерде заң бұзылғанын көрдіңіз бе деген сауалға: «Көрмедім, интернетті ақтарып, бас қатырмаймын» деп жауап берді.

«Депутаты болуы арманым емес» деген ол депутаттыққа түсерде әкесімен ақылдасқанын айтады.

Алланың бұйрығы ғой. Әкеммен ақылдастым. Депутат болу – арманым емес, халыққа қызмет ету – міндетім, - дейді ол.

Айта кетейік,  тележурналист Самал Қабышеваның Ардақ Назаровты бұған дейін сынағанын жазғанбыз.

Видео: Telrgram

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

"Бұл – ерекше құрмет пен шынайы ризашылықтың белгісі", - деді Мемлекет басшысы
Ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізілмек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →