Тоқаев Тасмағамбетовті қабылдады

Qaz365.kz редакциясы

Кездесуде ҰҚШҰ-ның биылғы жоспары талқыланды

akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды», - деп жазылған ақпарат көзінде.