Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде маңызды кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымына Роман Васильевич Скляр тағайындалды. Ол бұл қызметке дейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарып келген болатын. Роман Скляр мемлекеттік басқару жүйесіндегі тәжірибелі кадрлардың бірі, ол әр жылдары инфрақұрылымдық даму, индустрия және экономиканың маңызды секторларына жетекшілік етті.
Ал 2024 жылдың ақпанынан бері Президент Әкімшілігін басқарып келген Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Айбек Дәдебай ПӘ басшысы болғанға дейін Президент Іс басқарушысы қызметінде нәтижелі еңбек етіп, мемлекеттік аппараттың үйлесімді жұмысына үлес қосқан еді.
Қазіргі уақытта Айбек Дәдебайдың нақты қандай жаңа қызметке тағайындалатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.