Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды. Нұрлыбек Нәлібаев 2022 жылдың сәуір айынан бері Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарған.
49 жастағы Нәлібаев әр жылдары мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында жұмыс істеген.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайды қызметінен босатып, оның орнына Роман Склярды тағайындаған еді. Роман Скляр 2022 жылдың қаңтарынан бері премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған.