Қасым-Жомарт Тоқаевты форум залында Владимир Путин қарсы алды

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін Президент "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады деп жоспарланған

Фото: akorda.kz

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына қатысу үшін "Зарядье" концерт залына келді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамырда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келіп жеткені хабарлаған болатын.

Бүгін Президент "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады деп жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.