Путин Тоқаевтың шақыруымен Астанаға келеді

Qaz365.kz редакциясы

9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді

Алексей Даничев / ТАСС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.