Путин Қазақстанға ресми сапармен келді

Qaz365.kz редакциясы

Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды

Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келетінін жазған болатынбыз.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. 

Бұдан бөлек, Президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.