Парламент палаталарының бірлескен отырысы 13 қаңтарда өтеді

Qaz365.kz редакциясы
Мәжілістің Баспасөз қызметі/ Ж.Жұмабеков

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Мәжіліске сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», –  деп жазылған Өкім мәтінінде.