Литва билігі мектептерде орыс тілін оқытудан бас тартпақшы

Qaz365.kz редакциясы

Литва билігі көрші Латвия мен Эстонияның ізімен жүруді қарастырып жатыр

© Photo : Social media of Gintautas Jakštas

Литва билігі мектептерде орыс тілін оқытудан бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Есесіне, украин тілін кіргізуді жоққа шығармайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Žinių radijas радиосында Литваның Білім, ғылым және спорт министрі Гинтаутас Якштас айтты.

«Біз орыстілді мектептерден бас тартып қана қоймай, орыс тілін шет тілі ретінде оқытудан бас тартатын көрші Латвия мен Эстонияның ізімен жүруіміз керек», – деді ол.

Министр білім беру жүйесінде Еуроодақтың ресми тілдеріне назар аудару қажет деп санайды.

«Егер Литвамен дос елдер болса, олармен екі жақты келісімдер жасауға болады. Мысалы, Украина бар», – деп пайымдады Якстас.
Оның айтуынша, Білім, ғылым және спорт министрлігі бірнеше апта ішінде орыс мектептерін литва тілінде оқытуға көшіру бойынша ұсыныстар дайындауды жоспарлап отыр.