“Өскеменде жердің бәрі Даниал Ахметовтікі”: ШҚО әкімдігі даулы мәлімдемеге жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Әкімдік ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып жауап берді

Telegram/ Halyq Uni

Мәжілісте Дүйсембинов “Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі, Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр” деген болатын.

halyqunimedia Даниал Ахметовтің атына ресми сауал жолдады. Әкімдік ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып жауап берді.

“Шығыс Қазақстан облысындағы, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы бір де бір жер учаскесі облыс әкімі Даниал Ахметовке тиесілі болған жоқ және тиесілі емес”, - делінген жауапта.

Сондай-ақ олар Берік Дүйсембинов өз сөзінде осындай елеулі айыптауларды растау үшін бір де бір факт немесе құжат келтірмегенін атап өтті.