Мәжіліс тарады: алматылықтар депутаттарды танымады

Qaz365.kz редакциясы
Коллаж Qaz365.kz

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2021 жылғы 15 қаңтарда VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі бірінші сессиясының ашылуымен басталды. Екі жылдан кейін бұл шақырылым 2023 жылдың 19 наурызына белгіленген жаңа кезектен тыс сайлауға байланысты таратылды.

Біз депутаттардың халық есінде қаншалықты қалғанын анықтап көрдік.