Ақорда карантинге жабыла ма – тағы бір саяси элита өкілі ауырып қалды

Qaz365.kz редакциясы

Екі саяси қызметкер ауырып қалды

Фото: ашық дереккөзден

Соңғы 2-3 күнде саяси элита өкілдері арасында ауырып қалғандар көбейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кеше Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталды. Мұны Мәжілістің баспасөз қызметі растаған болатын.

«Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирус инфекциясына шалдықты. Қазіргі күні денсаулығына байланысты ем қабылдап жатыр», – делінген баспасөз хабарламасында.

Енді бүгін бұл қатарға Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев қосылды. Ол да коронавирустың анықталуына байланысты еңбек демалысына шықты.

«Бозымбаев Covid бойынша ПТР тест тапсырды. Сынама оң нәтиже көрсетті. Ол  өзін жақсы сезінеді, бірақ қалай болғанда да ол оқшаулануға көшті», – деді сәрсенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі.