«Солтүстікте халық саны азайып барады»: Әшімбаев қоныс аудару бағдарламасы жайлы айтты

Qaz365.kz редакциясы

Кейбір өңірлерде әлеуметтік-демографиялық және экономикалық қиындықтар бар

Фото: Сенат

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы дұрыс нәтиже бермегенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, кейбір өңірлерде әлеуметтік-демографиялық және экономикалық қиындықтар бар.

«Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал солтүстік аймақтарда керісінше азаю үрдісі байқалады. Кейінгі жылдар ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43 пайыз), Павлодар (-5,76 пайыз) және Қостанай (-8,3 пайыз) облыстарында халық саны азайған», – дейді Әшімбаев.

Сенат төрағасы оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жақсы нәтиже бермегенін атап өтті.

«Қазір Сенатта қаралып жатқан Көші-қон туралы жаңа заң еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру үшін жаңа ынталандыру шараларын қарастырады деп сенеміз. Осы бағытта басқа да іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет», – деді ол.