Рысбек Сәрсенбайұлы ауруханадан шықты, енді соты болады

Qaz365.kz редакциясы

Енді оның соты болады

Фото: Facebook / Abzal Dostiyar

Бүгін Алматыда “саяси тұтқындарды” қолдап, баспасөз мәслихатын өткізбек болған қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлын  полиция ұстаған болатын. Осыдан кейін қан қысымы көтеріліп, реанимацияға түскен еді. Адам құқығын қорғау бюросы саясаткердің ауруханадан шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Енді оның соты болады. 

Айта кетейік, бүгін саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлын полиция ұстады. Бұл жөнінде адвокат Айнара Айдарханова хабарлады. Саясаткердің жұбайы Маржан Аспандиярованың айтуынша, ұстау кезінде полиция дөрекі күш қолданған. 

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис полиция ұстағанда Сәрсенбайдың қан қысымы 300-ге жеткенін айтты.

Полициядағылар Думан Мұхаммедкәрімнің сотына байланысты қоғам белсендісі “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” бабы бойынша күдікке ілінгенін хабарлады.