Катар Әмірі елордаға мемлекеттік сапармен келді

Qaz365.kz редакциясы

Катар Әмірін елорда әуежайында мемлекет басшысы өзі қарсы алды

“BORT N1” Telegram каналы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Таниді әуежайда қарсы алды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі “BORT N1” Telegram арнасына сілтеме жасап.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер өткізіліп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

13 қазанда шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитіне қатысады.