Қандастарға баспана алу үшін ақшалай төлемдер беріледі

Qaz365.kz редакциясы

Бұйрық биыл 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі

qandastar.kz

Қазақстанға қоныс аударған қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек беріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы бұйрығымен Отандастарды ерікті түрде көшіру қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізіледі.

«Ақшалай төлем алу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш беріп, қажетті құжаттар жинау керек. Мәселен үй сатып алу-сату шарты, тұрғын үй қарызын беруді мақұлдағанын растайтын құжат, тұрғын үй салу кезінде қандастың немесе қоныс аударушының меншігінде жер учаскесінің болуын растайтын құжаттар керек», - делінген хабарлама түсіндірмесінде.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде оны қарап, ақшалай төлем берудің себептеріне байланысты, шешім шығарады. Аталған бұйрық биыл 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі екен.

Айта кетейік, 2022 жылы 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.