Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкімет отырысында Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы вагондар пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, теміржол көлігінде құрамдардың шамамен 90%-ы көтергіштермен және арнайы купелермен жабдықталған.
2030 жылға қарай әр құрамда кемінде бір мамандандырылған вагон болмақ.
Айта кетейік, енді арбалар, балаларға арналған жүруге көмектесетін таянғыштар, Брайль жүйесімен жазуға арналған құрылғылар және басқа да жабдықтар жалға беріледі.