Ұлытауда «Түлектерден-табиғатқа» атты плоггинг өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Аталған шараға 1420 түлек қатысады деп жоспарлануда

Shutterstock

Ұлытау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 26 мамырында сағат 11.00-де білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларының және педагогтердің қатысуымен «Түлектерден-табиғатқа» тақырыбында плоггинг ұйымдастырылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Түлектерден-табиғатқа» плоггингтің мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғауға азаматтық белсенділік қалыптастыру және жұртшылық назарын экологиялық проблемаларға аударту. Плоггинг барысында түлектер мен педагогтер жүгіріп жүріп қағаз, пластик заттар, целлофан сияқты көтеруге ыңғайлы заттарды жинайды. 

Плоггинг қорытындысы түлектердің табиғатты қорғау және тазалықты сақтау жайлы халыққа арнаған бейнеүндеуімен қорытыланады.  

Аталған шараға 1420 түлек қатысады деп жоспарлануда.