Депутат Қазақстанда 900 мың жұмыссыз бар екенін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, халықтың несие алу деңгейі де өте жоғары

abai.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев елімізде 900 мың жұмыссыз бар екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Халықтың несие алу деңгейі де өте жоғары. Мысалы 2022 жылы тұтынушылық несие 30 пайызға, яғни 13,2 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдермен шамалас қаражат, яғни аталған көрсеткіш – халықтың төлем қабілетінің төмендеуінің көрсеткіші, яғни бір қарызды екінші қарызбен жамап жүрген халықпыз», –  деді Елнұр Бейсенбаев.

Ол елдегі жұмыссыздық мәселесіне де тоқталды. Бұл көрсеткіш кейінгі 5 жылда 5% шамасында сақталып отыр екен. Алайда оған ешкімнің сенбейтіні анық деп айтты.

«Алайда, тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздықтың шынайы деңгейі 10 пайыздан кем емес. Бұл – кемі 900 мың адам деген сөз, яғни екі есе көп, ал бюджеттен бөлінетін қаржы тек уақытша жұмыс орындарын ашуға, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық тиімділікті сақтау үшін жұмсалып отыр», –  деді депутат.