Журналист М.Козачков екі айға қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл жөнінде Алматы қаласы тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді

фото: ашық дереккөзден

“Время” газетінің тілшісі Михаил Козачков екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды qaz365.kz Бұл жөнінде Алматы қаласы тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бүгін Алматы қаласының тергеу сотында тергеу органдарының М.Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарау аяқталды. Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды”, - делінген сот мәлімдемесінде.

Еске салайық, Михаил Козачков 18 желтоқсан күні Қаржы мониторингі ұстап, Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобымен рейдерлік тәркілеуге қатысы бар деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамаған.