Тағы бір қазақ боксшысы финалға шықты

Qaz365.kz редакциясы

Отандасымыз жартылай финалда Грузия боксшысы Лаша Гурулимен кездескен

prosports.kz

Бокстан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов финалға жолдама алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандасымыз жартылай финалда Грузия боксшысы Лаша Гурулимен кездескен. Төрешілердің бірауыздан шешімімен тараздық боксшы шешуші кезеңге шықты. Енді ол ертең алтын жүлдеге таласады.

Осылайша,үшінші қазақ боксшысы финалға өтті. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Махмұд Сабырхан (54 келі) жеңіске жеткен болатын.

Енді кешкі сессияда Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шығады.