Бұл жаңалық мені қуантты - Сабина Алтынбекова

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұған дейін әйелдер арасында әлемдегі ең бай 20 волейболшының қатарына кірген еді

Фото: instagram.com/altynbekova_20/

Сұлулығымен танымал болған волейболшы қыз Сабина Алтынбекова жақында әлемдегі бай спортшылардың қатарына кірген еді. Спортшы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында осыған тоқтала кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Бұл жаңалық мені қуантты. Өйткені айлық, табысымды санайтын деңгейге жеткенімді көңілімді марқайтты. Шыны керек, рейтингтің 11-сатысында тұрамын деп ойламадым. Барлығына рахмет айтамын», –  деді волейболшы. 

Ол бұған дейін әйелдер арасында әлемдегі ең бай 20 волейболшының қатарына кірген еді. Рейтинг бойынша, бақуатты спортшылардың алғашқы үштігінде Шела Кастро – $12 млн доллар, Жаклин Карвалью – 9,1 млн доллар, Габриэла Гимараес 8,8 миллион доллармен көш бастады. Ал Сабина Алтынбекова 4,6 миллион доллар байлығымен 11-орында тұр.
Сосын соңғы кездері спортшы ажырасып кетті ме деген көпшілікті қызықтырып жүр. Ол бағдарлама барысында осыған да жауап  берді. 

«Мен бұл сұрақтың жауабын өзімнің instagram парақшама жариялағанмын. Бұл қауесет өтірік. Бізде бәрі жақсы. Жақын уақытта бірге түскен әдемі фото, видеоларды шығарамын. Ал желіден бірге түскен суреттерді алып тастауымның себебі бар. Өйткені бізге көз де, сөз де тигенін қаламаймын», – дейді Сабина Алтынбекова.

Айта кетсек, Сабина Алтынбекова 2020 жылдың 25 желтоқсанында тұрмысқа шықты. Арудың таңдауы 33 жастағы алматылық жігіт Саят Тостықбаевқа түсті. Жас жұп мұсылман дәстүрі бойынша мешітте некесін қиған еді.

Ал 2021 жылы ұл баланы дүниеге әкелді.  Былтыр волейбошы «Әл-Васл» клубына ауысқан болатын.  Жуырда ол осы елдің ұлттық чемпионатын жеңіп алды.